Kz5-Q9. Егер ұялы телефонымды ауыстырсам, мен қолданған бастапқы деректер сақталынады ма? Синхрондау функциясы деген не?

Синхрондау функциясы арқылы сөздік қорды және баптауларды өзіңіздің қалауыңыз бойынша өзгертіп болғаннан кейін, Google дискке қосарлап көшіріп, сақтауға болады. Ескі ұялы телефонды жаңа телефонға ауыстырып, пернетақтаны жүктеп алсаңыз, бұрынғы сақталған көшірмеңізді жаңа телефонға қайта жүктей аласыз.

Құралдар тақтасындағы «Баптау» түймешігін басыңыз.

Баптаулар тақтасындағы «Баптау» функциясына кіріңіз.

«Синхрондау» түймешігін басып, «Google» аккаунтыңызды тіркеңіз.

«Қосарлау» нүктешесін басу арқылы, барлық аққпаратты сақтай аласыз.

Жаңа ұялы телефон арқылы, қайта «Синхрондау» функциясына кіріңіз.

«Қайтару» түймешігін басыңыз, сонда бұрынғы сақталған көшірмеңізді жаңа телефонға қайта жүктей аласыз.

Барлық сұрақтар