Kz5-Q3. Қосымшада басқа тілдер (корей, араб, қытай т.б) бар ма?

Пернетақта Қаз, Рус, En, Qaz тілдерінен басқа корей, түрік,араб, қытай жыне француз тілдерін қолдайды. Ең көп тараған сұрақтардың бірі, тілдерді қалай ауыстыра аламыз. Мысалға, корей тілінде теріп отырсыз, досыңыз сізге ағылшынша жауап берді, енді сізге ағылшын тіліне ауысу қажет. Немесе басқада тілдерге ауысу қажеттігі туындағанда, қандай батырмаларды басу керек?

Пернетақта тілдерін ауыстыру үшін:

1. Пернетақтада құралдар тақтасының жоғарғы жағында, тілдер қатарын көресіз, соның оң жағындағы «Шар» батырмасына басыңыз.

2. Өзіңізге қажетті тілді таңдаңыз, пернетақта сізге қажетті әліпби үлгісін көрсетеді.

3. Қолданбайтын тілдерді өшіру қажет болса «Тілдерді өшіру» батырмасын басыңыз.

4. Сіз «Тілдер&Пернетақта» функциясына көшесіз, бұл бөлімде Қаз&En әдеті тілдерінен басқа, қолданбайтын тілдерді өшіре аласыз.

5. Пернетақтаның төмен сол жағына қарасаңыз«Шар және үтір» белгішесі болады, сол арқылы да әртүрлі шет тілдерді таңдай аласыз.

Сонымен қатар, пернетақтада «Аударма» функциясы бар. Осы функция арқылы басқа тілдерге төте аударып, көптеген тілдерді оңай қолдана аласыз.

Барлық сұрақтар