Kz5-Q2. Пернетақтаның жаңа нұсқасын қалай жүктеп алады? Пернетақтаны жақсарту мақсатында, біз апта сайын жаңа нұсқа шығарамыз. Қателіктерін дұрыстап, жаңа функциялар мен фондар, стикерлер топтамасын қосамыз. Пернетақтаны ыңғайлы қолдану үшін, қосымшаны жаңартуды ұмытпаңыз және екі жолдың біреуін таңдаңыз.

Бірінші:

Баптаулар тақтасындағы «Баптау» батырмасына басыңыз.

«Жаңа нұсқасын іздеу» функциясына бассаңыз, қосымша сізге жаңа нұсқасын ұсынады.

Егер сізде жаңа нұсқасы болса, сізде қосымшаның «Ең соңғы нұсқасы» деген хабарлама шығады.

Екінші:

Төте Play Market-ке кіріңіз.

«Жүктелінген» қосымшалар қатарына кіріңіз.

Qazaq Keyboard-ты іздеңіз.

«Жаңалау» батырмасына басыңыз, сонда қосымша автоматты түрде жаңартылады.

Барлық сұрақтар