Kz4-Q2. Алмасу буфері қайда? Сақтау функциясы дегеніміз не?
Көшірілген және қойылған сөздер қатарын осы функциядан көре аласыз.
Сөзді немесе сөйлемді теріп болған соң, оны сақтауға мүмкіндік беретін алмасу буфері бар.
Бірінші жолы:
Пернетақта арқылы, сөз немесе мәтінді енгізіңіз.
Сөзді басып тұрып, «Барлығын» таңдаңыз.
«Көшіру» түймешігін басыңыз.
Мәтінді теру қатарына меңзермен басыңыз.
«Қою» түймешігін таңдаңыз, сіз сақтап көшірілгенген сөз шығады.
Екінші жолы:
Құралдар тақтасындағы «Баптау» түймешігін басыңыз.
«Сақтау» түймешігін таңдаңыз.
«Көшірілген» және «Қойылған» сөздер осы жерде сақталынған.
Сақталынған парақшада, керексіз сөздерді өшіре аласыз.