Kz3-Q4. Неліктен кейбір смайликтерді жібергеннен кейін, ашылмай қалады? Неге кейбір қосымшаларда смайликтер басқаша көрінеді?
Кейбір смайликтер жіберілген соң, кейде тиісті түрде көрсетілмей, ашылмай қалады. Біздің қосымшамыздың жүйесі андроид 7.0 нұсқасынан жоғары барлық жүйелерді қолдайды. Егер ұялы телефоныңыз андроид 7.0 жүйесінен төмен болса, онда телефон жүйесі бойынша ғана смайликтерді қолдана аласыз. Ұялы телефон жүйесін жаңалап отыруды ұмытпаңыз.
Сонымен қатар WhatsApp, Facebook және т.б. қосымшалар смайликтер түрін автоматты түрде өзгертеді! Бұл басқа қосамшалардың бір-біріне смайликтер жіберу барысында , авторлық құқықты қорғау үшін жасалған шара.Яғни әр қосымша өзіне тән смайлик түрімен көресетеді, оны біз өзгерте алмаймыз. Түсінгеніңіз үшін, рахмет!