Kz2-Q7.Түнгі нұсқа деген не?
Түнгі уақытта, немесе түрлі жағдайларда ұялы телефоныңызды жиі қолданасыз ба? Онда пернетақта жарықтығын өзгертіп, көзіңізді шаршатпай өзіңізге ыңғайлы етіп алыңыз.
Бірінші:
Құралдар тақтасындағы «Баптау» түймешігін басыңыз.
«Жарықтығы» функциясын таңдаңыз.
Түймешікті жылжыту арқылы, пернетақта жарықтығын өзгерте аласыз.
Екінші:
Егер ұялы телефон жүйесі Андроид 9-дан жоғары болса, пернетақта «Түнгі нұсқа» функциясын қолдайды. «Түнгі нұсқа» функциясы пернетақта интерфейсінің түсін қараңғы нұсқаға өзгертеді.
Ұялы телефонның негізгі баптауларына кіріңіз.
«Дисплей» бөліміне кіріп, «Түнгі нұсқа» яғни «Ночной режим» функциясын іске қосыңыз.