Kz2-Q5. Әріптің қаріптерін (шрифтті) қалай өзгертеді?
Қаріптер - қалыпты мәтінді түрлендіруге мүмкіндік беретін генератор. Сізге ұнайтын пернетақта қаріпін таңдау үшін:
Құралдар тақтасындағы «Баптау» түймешігін басыңыз.
«Қаріптер» түймешігін таңдаңыз.
Кириллица, ағылшын немесе латын әліпбиіне арналған, қаріптерді таңдаңыз.
Қалыпты түрінде қолдану үшін, қаріптер қатарындағы «Әдепкі» түрін таңдаңыз.
Қаріптерді тек біздің пернетақтаны қолданғанда ғана, ауыстырып көре аласыз. Ұялы телефон жүйесіндегі негізгі қаріптерді өзгерте алмайсыз. Мәтінді басқа адамға жібергенде, әдепкі қаріп бойынша көрінеді, өйткені әрбір қосымша тек өзінің форматын қолдайды.