Kz2-Q2. Пернетақтаның дауысы мен вибрациясын қалай қосып-өшіреді?
Пернетақта дауысы мен вибрациясы қолданушы әріп тергенде, тақтаның қабылдау сезімдігін арттыратын эффектісі. Түрлі музыка мен дыбыс эффектілермен жабдықталған.
Құралдар тақтасындағы «Баптау» түймешігін басыңыз.
«Дауысы&Әріп көрсеткіш» түймешігін таңдаңыз.
«Вибрация» және «Дауысы» түймешігін оңға және солға жылжыту арқылы, функцияларды қосып-өшіре аласыз.
«Вибрация» және «Дауысы» сөздерінің астында ырғақ сызықшасы бар. Cызықша бойындағы түймешікті жылжыту арқылы, вибрация мен дауыс ырғағын күшейтіп-азайта аласыз.
Пернетақтаны қолдану барысында музыканы тыңдау үшін, әуендер тізімінен тақта музыкасын таңдап, түймешікті бірнеше рет басыңыз, сонда әуен толықтай шығады.
«Дыбыс эффектісі» нүктешесін бассаңыз, түрлі дыбыс ырғағын көре аласыз. Қалауыңызға қарай біреуін таңдасаңыз, қанат белгісі автоматты түрде пайда болады. Пернетақтаға қайтып, әріп теру барысында дыбыс эффектісін ести аласыз.