Kz2-Q11.Өзімнің фонымды жасауға болады ма? Фотосуретімді пернетақта фоны ретінде пайдалана аламын ба?

Фонды баптау - қолданушы өз ойы бойынша фон жасау үшін жасалған функция. Пернетақтаның фоны ретінде қосымшаның негізгі фондарын, не өзіңіздің фотосуреттеріңізді қолдануға мүмкіндік береді. Өзіңіздің жеке фоныңызды жасап, пернетақтаның түсін өзгертіп, галереяға кіріп өзіңіздің сүйікті суреттеріңізді фон ретінде өзгерте аласыздар. Фонның анықтығын, әріптердің өзгеше батырмаларын және қаріптерді таңдай аласыздар.

Сіз пернетақта фонын осы әдістер бойынша баптай аласыз:

Қосымшаны ашыңызда «Фондар» бөліміне кіріңіз.

Егер пернетақта қолдану барысында болса, онда құралдар тақтасында «Баптау» түймешігіне басыңыз, одан кейін «Фондар» функциясына өтіңіз.

Фондар бөлімінің үстінде «Фонды баптау» функциясына басыңыз, осы жерде фонды баптай аласыз.

Пернетақтаның фоны ретінде қосымшаның негізгі фондарын, не өзіңіздің фотосуреттеріңізді таңдаңыз, сонымен қатар фонның анықтығын баптауды ұмытпаңыз, ол пернетақта интерфейсі үшін өте маңызды.

Енді пернетақтадағы ерекше батырмаларды таңдаңыз және батырмалардың анықтығын өзгертуді ұмытпаңыз.

Одан кейін, әдемі қаріпті таңдаңыз және әріптің түсін өзгертсеңіз болады.

Соңғы кезең, жасаған фоныңызды сақтауды ұмытпаңыз.

Немесе «Шығу» түймешігін басып, фонды сақтамасаңыз болады.

Пернетақтаға қайтып, өзіңіз жасаған жеке фоныңызды қолдана беріңіз.

Барлық сұрақтар