Kz1-Q11. Тілдер&Пернетақта функциясы дегеніміз не?

Теру барысында қолданушының ыңғайлығы үшін жасалған түрлі фунциялар жиынтығы.

Тілдер баптау функциясы арқылы, қазақ және ағылшын тілдерінен басқа, өзге тілдерді қосып-өшіре аласыз. Өшірілген тілдер пернетақтада көрсетілмейді.

Керекті латын графикасы арқылы, үш немесе төрт қатарлы латын пернетақтасының орналасуын таңдай аласыз.

Сандар түймешігі функциясын іске қоссаңыз, сандар қатары пернетақтаның алдыңғы қатарына шығады.

Балама тыныс белгілерін қоссаңыз, пернетақтада әріптер мен тыныс белгілер тақтасы қатар шығады. Батырманы ұзақ басып тұрсаңыз, тиісті тыныс белгісі шығады.

Меңзерді басқару функциясы арқылы, пернетақтада меңзерді қосып-өшіре аласыз. Бұл функция арқылы, меңзерді тез жылжытып, қателіктерді түзете аласыз.

Барлық сұрақтар